• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:05:01
Алматы
+35°

Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев аудан аумағында орналасқан дәріханалардағы дәрілік препараттар бағасы мен дәрілік қамтамасыз ету жағдайы бақылауда екенін айтты.

Брифингке сонымен бірге, Алматы қаласы Алмалы ауданының Жергілікті полиция қызметінің басшысы Рүстем Әбдіғалиев , Алматы қаласы Алмалы ауданының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғалиева қатысты.

Алмалы ауданы бойынша мобильді бригадалар жұмыс істейді. Олардың біреуі дәріханаларға дәрілердің бар-жоғы мен бағаларына монитрорг жасайды.

«Карантиннің екінші толқыны басталған кезде дәрілік препараттарға деген жетіспеушілік байқалды. Алайда бүгінгі таңда аталған жағдай тұрақтандырылды. Біздің ауданда 22 дәріхана мониторингке алынады», — деді Алмалы ауданының әкімі.

23 атаулы әлеуметтік маңызды дәрі-дәрімек аудандағы белгіленген 22 дәріханада бар. Сонымен бірге, дәрілік препараттардың бағасын көтерген тәртіпбұзушылар шұғыл анықталуда. Бағаны қалыптастыру мәселесі мониторингтік бригадалардың қатаң бақылауында, бұзушыларға қатысты шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда 11 дәріханаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданған.

«Ауданның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен дәрілік препараттарды белгілі адамдардың алып-сату фактісі бойынша жедел ақпарат алынды. Аталған азаматтар тергеу тобымен ұсталды. Заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырумен айналысқан аталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады жергілікті полиция басшысы Р. Әбдіғалиев.

Алмалы ауданының тұрғындарын қала дәріханаларындағы сертификатталған дәрілік препараттарды алуға шақыруда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір