• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:00:04
Алматы
+35°

Ақтаулық белсенділер облыстық полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев пен облыстық денсаулық сақтау дәрігері Ерғали Сыдымановтың отставкаға кетуін талап етуде. Оған себеп облыстың бұрынғы полиция бастығының анасын жерлеу рәсіміне келушілердің көп болуы. Бұл туралы astanatv.kz хабарлады.

Видеода жерлеу рәсіміне карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, жүздеген қала тұрғыны жиналған. Тәртіп сақшыларының жолды жауып тастауы адамдардың наразылығын тудырған. 

Тұрғындар "оларға рұқсат, бізге жоқ" деп ашулы.

Полиция басқармасының қазіргі басшысы бір күн бұрын қала тұрғындарынан той жасамауға және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырған болатын.

Мұхтар Үмбетов атты қала тұрғыны полиция бастығы мен бас санитар дәрігер жұмыстан босатылуы керек деп есептейді.

– Маңғыстау облысының полиция бастығы мен бас санитар дәрігер жұмыстан босатылуы керек. Бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс. Осы адамдардың барлығына әкімшілік айыппұл салынсын, қызмет пен ұйымдастырушыларға тәртіптік жаза қолданылсын. Мен қаралы отбасыға көңіл айтамын, хаттама жасалып, барлық қарапайым азаматтар сияқты оларға да айыппұл салсын, – деді ол.

Кейіннен облыстың полиция басқармасы марқұмның туыстарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

– Аталған оқиға бойынша іс облыстың санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау органдарына жіберілді. Марқұмның туыстарының сөзінше, жиналғандардың көбі олардың туыстары. Әлеуметтік арақашықтық сақтап, барлығы да бетперде киген, – деді облыстың полиция департаментінің өкілдері. 

БҚО полиция бөлімінің бастығы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда резонанс тудырған жағдайды түсіндіріп, туыстарынан жерлеуге келмеуін сұрағанын айтты.

– Анамызды соңғы сапарға шығарып салуға келгендердің барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Көптеген азаматтар жанашырлықтарын білдіруде. Жерлеу рәсіміне көп адам келеді деп күтпедім. Негізі еске алу мен жерлеу рәсімі кішігірім отбасылық деңгейде өтеді деп жоспарланған болатын. Елдегі пандемияға байланысты біз барлық туыстарға жерлеуге келмеулерін ескерттік. Біз туған-туыстарымызға ескерткенімізбен адамдарға келуге тыйым сала алмадық. Анамызды ақтық сапарға шығарып салуға келген адамдарды құрметтеймін, осындай қолдау білдіргендеріңізге алғысым шексіз. Өкінішке қарай, ендігі рәсімдерге келмеулеріңізді сұраймын. Өздеріңізге мәлім, карантин талаптарын сақтауымыз қажет. Бізді дұрыс түсініп, айыптамауыңызды сұраймын, – деді БҚО полиция департаментінің басшысы Мақсудхан Аблазимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаппай жерлеу рәсімінен кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қызметтік тергеуді бастады.

3 тамызда Ақтау қаласының тұрғындары ҚР ІІМ генералының анасын жерлеу үшін орталық көшенің қоршауға алынғанын айтып, наразылықтарын білдірген.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір