05 Тамыз, 2020 NEWS

Үкімет 10 тамызды "Абай күні" деп бекітті

Көрнекі сурет

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыға толықтырулар енгізіліп 10 тамыз – "Абай күні" болып бекітілді. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні – 10 тамыз".

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі" делінген қаулыда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір