Қазақстанда 114 бала коронавирус індетін жұқтырып, оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.

– Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 2 257 жағдай тіркелді. Бүгінде коронавирус жұқтырған 114 бала ауруханада емделіп жатыр. Кавасаки синдромы – күретамырға зақым келетін күрделі ауру түрі. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында Кавасаки синдромын жұқтырған үш жағдай тіркелді, – деді Бағдат Қожахметов.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті. Оның ішінде 72 523 адам ауруынан айығып, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір