• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:31:09
Алматы
+35°

Коронавирустан сауығып шыққандардың үлесі 73,6%-ды құрайды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, деп жазады primeminister.kz.

А. Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады.

Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ды құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр.

Төсек орындарының жүктемесі 61%-ға, жедел жәрдем шақыру көлемі 62%-ға (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.

Премьер-министр Асқар Маман қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

– Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр, – деді А. Мамин.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір