• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:16:21
Алматы
+35°

Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыста мектептер мен балабақшаларды салу ісі кең ауқымда жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылдың ыркүйек айында 3 жаңа мектеп қолданысқа беріледі.

Қазақ халқының ұлы ойшылы әрі ақын Абайдың 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Сонымен қатар Өскемендегі Ахмер ауылында 1000 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріледі.

Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 600 орындық  пен 300 орындық интернаты бар мектеп ашылады. Онда аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және облыстағы қалалардан келген балалар оқитын болады. Бұл мектеп әскери бағытта тәлім-тәрбие береді. Егер нәтижесі оң болса, облыстағы басқа білім ошақтарында да осы әдіс қолданылмақ.

Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Өскеменде 915 орындық 5 балабақша ашылады. Аталмыш нысандар Есенберлина, Революционный, Байбатчина, Өтепов көшелерінің бойында және Ахмер ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ облыс орталығында жас техниктер стансасында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң қосымша білім беру мақсатында SMART-орталық ашылады.

Аймақ басшысы ағымдағы жылы 423 білім нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд. теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 есе көп. Қазіргі күні 423 нысанның 381-де тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған ғимараттар 20 тамызға дейін қолданысқа беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір