• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:12:06
Алматы
+35°

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook парақшасында баласын әкесінен күштеп алып кетуге әрекеттеніп жатқан әйелдің видеосын жариялады.

Заңгер сот заң жүзінде баланы анасында қалдыру туралы шешім шығарғанымен баланың таңдауы ескеріліп, құқығы тапталмауға тиіс деп санайды.

Оқиға 2 қазан күні Маңғыстау облысы Басқұдық ауылында болған. Видеодан баланың анасына барғысы келмей, қашып жүргенін көруге болады. 

"Балаларды еркінен тыс мәжбүрлеу!
Балалар анасына барғысы келіп тұрған жоқ, ал анасы соны біле тұра, малша сүйрелеп алып кетіп жатыр.
Әйел мен еркек ажырасты, балалардың не кінәсі бар?
Балада таңдау құқығы болу керек!
Полиция қызметкері, психолог не қарап тұр мына жерде?
Сот шешімі ана жағына шықса да, балаларды еркінен тыс мәжбүрлеуге болмайды" делінген жазбада.
 
 
Облыстық полиция департаменті келіншекке балалар өзімен бірге баруды қаламаса, әкелерімен қалатыны ескертілгенін, соңында үш баланың әкесінде қалғанын хабарлады.
 
"Полиция департаментіне бұрынғы күйеуі сот шешіміне қарамастан балаларды бермеді деп азаматша өтініш білдіріп келді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты мекен-жайына жолға шыққан. Егер балалар анасымен бірге кетуден бас тартса, онда ешкім оларды мәжбүрлемейді және психикасына зақым келтірмейді деп азаматшаға алдын-ала ескерткен. Азаматшаға қамқоршылық бөліміне жүгінуге кеңес берілді, бірақ ол бас тартты. Балалар әкесінде қалды. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен бірге барғысы келмейтінін көріп, осы азаматша мен оның адвокатынан сот приставтарымен келуді сұрады" делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ана бала сот шешімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір