• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:46:57
Алматы
+35°

27 қазан күні Алматы қаласындағы Ақсай ықшам ауданында орналасқан техникалық жөндеу орталығы өртенген болатын. Оқыс оқи салдарынан 12 көліктің жанып кеткені белгілі болды. Бұл туралы ktk.kz хабарлады. 

Сондай-ақ ТЖО-да жұмыс істейтін азамат жеңіл күйік жарақатын алған. Өртті сөндіруге 60 адам мен 13 арнайы техника жұмылдырылған. 

Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің басшысы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, денесі күйіп қалған азамат сол техникалық жөндеу орталығында жұмыс істейді. 

Жанып кеткен 12 автокөліктің бірі де қайта жөндеуге жарамайды. Мына нысанға жапсарлас салынған асхана да өртеніп кетті. Өртенген аумақ 1000 шаршы метрді құрайды. Өрттің нақты неден тұтанғаны анықталып жатыр, – деді өрт сөндіру қызметінің басшысы. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір