• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:42:36
Алматы
+35°

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Түркия президенті Режеп Ердоған телефон арқылы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бақылау үшін түрік-орыс бітімгерлік орталығын құру туралы талқылады. Бұл туралы ria.ru хабарлады.

"Алиев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар атысты тоқтату режимін бақылау үшін түрік-орыс бітімгерлік орталығын құруды жоғары бағалады және сол орталықтың аймақта тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосатынына сенім білдірді" делінген хабарламада.

Бұған дейін қайта қақтығыс болмауы үшін Ресейдің бітімгерлік күштері екі ел арасына қойылатын шекаралық дәлізді 5 жыл күзететіндігі жайлы хабарланған болатын. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойған. Үш елдің арасында болған келісім бойынша аудандар Әзербайжанға қайтарылып, ал басқыншы әскер сол аумақтан түгел шығарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір