Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдымановтың "Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" 2020 жылғы 20-қарашадағы №32 қаулысы жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаулыға сәйкес, Алматы облысында карантин режимі жалғасып, кейбір шектеу шаралары енгізіледі. 

Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін, - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.

Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:

– 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана)

– кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);

– саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;

– ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);

– оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;

– ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір