• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:30:33
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданындағы жұмыс сапары кезінде әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды, сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысымен танысты.

"Бостандық ауданы. Жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды араладым. Ten Qogam орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа мамандыққа оқытып немесе кәсіби біліктілігін дамыту арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Жобаны «Шырақ» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» жүзеге асыруда. Ал «Әуен әлемі» жобасы балалардың музыкалық қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда балалар домбыра, гитара мен шаңқобызда ойнауға тегін үйретіледі" - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуына қарағанда, дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық институтының мамандары медицина қызметкерлеріне халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. 

"Мұнда көпсалалы клиника ашылды. Сондай-ақ Tamos Education мектебінің, ұлттық киім мен кәдесый өнімдерін тігетін цехтың даму жоспарымен, аулалар, саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жұмыс қала тұрғындарының пікірі мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуде", - деді әкім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір