• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:28:03
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді.

"Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады" делінген хабарламада. 

Сондай-ақ еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір