• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:40:00
Алматы
+35°

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін өтіп жатқан сайлауда дауыс берді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Бүгін ел дамуындағы маңызды күндердің бірі. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірқатар саяси реформалардың алғаш рет осы науқанда іске асырылып жатқанын да жақсы білеміз. Соның ішінде партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға арнайы 30 пайыздық квотаның енгізілуін, парламенттік оппозиция институтының заңмен бекітілуін және саяси партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілуін ерекше атап өтуге болады.

Жалпы, бүгінгі сайлау Президентіміздің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын табысты жүзеге асыруға және Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деп сенеміз. Ол үшін азаматтарымыз дауыс беруде белсенділік танытуы қажет. Мен де бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым, - дейді ол.

Ол өз сөзінде дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық құқығымыз және борышымыз екенін атап өтті.

– Бұл – әр азамат үшін мемлекеттің дамуына ықпал ететін мүмкіндік. Сол себепті, еліміздегі барша сайлаушыларды осы мүмкіндікті жібермей, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, – деп жазды Әшімбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір