• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:38:31
Алматы
+35°

Қазақстанның бес өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша "қызыл" аймаққа енді.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 4 облыс пен 1 қала "қызыл" аймақта. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр.

Ал "сары" аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар.

Қалған өңірлердің бәрі коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймақта тұр.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамның коронавирус жұқтырғанын жариялады. Ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 169 099-ға жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір