• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:36:56
Алматы
+35°
Актер, "Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Әкімдік мәліметінше, актер коронавирустан қайтыс болған.
 
Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы "Қилы кезең" фильміне түседі.
 
1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, "Көгілдір такси", "Қан мен тер" секілді оннан аса кинофильмге түскен. Бірнеше мерекелік медаль мен Құрмет грамоталарын алған. Алматы облысы Көксу ауданының да Құрметті азаматы.
 
 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тақиялы періште

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір