• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:47:08
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. 

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға, президенттік жастар кадрлық резерві бойынша жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде айтты. Сондай-ақ өзі төрағалық ететін агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

Анар Жайылғанованың айтуынша, былтыр агенттіктің штаты 10 пайызға қысқарған, ал биылғы ақпан айының соңына дейін тағы да 15 пайызға оңтайландырылмақ.

Тоқаев мемлекеттік қызметті жетілдіре түсу қажеттігі туралы атап өтіп, Агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір