Қазақстанның алты өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша "қызыл" аймаққа енді.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 5 облыс пен 1 қала "қызыл" аймақта. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау, Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта – Алматы, Қарағанды және БҚО бар.

Ал қалған өңірлердің бәрі коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта.

Жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде коронавирус індетінің қаупі жағынан "сары" аймақта тұр.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын 1134 адам жұқтырғанын хабарлады. Оның ішінде қайтыс болғандар саны – 8, пневмония жұқтырғандар – 118 адам, қайтыс болғандар – 3.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір