• USD 427.15

  • EUR 519.12

  • RUB 5.96

  • CNY 66.84

12 Маусым, 20:05:28
Алматы
+20°

Испания астанасы Мадридте жойқын жарылыс болды. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлады. 

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Толедо көшесіндегі жарылыстан ғимараттың жоғарғы үш қабаты опырылып құлаған. Полиция оқыс оқиға болған ауданды қоршауға алды. Алғашқы келіп түскен мәліметтерге қарағанда, тұрмыстық газ жарылған. Қанша адамға зақым келгені туралы нақты ақпарат жоқ. Кей мәліметтерге қарағанда, жарылыстан 2 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Олардың біреуі ауыр хәлде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір