Марста қала салуды масқат етіп, 2050 жылға дейін бір миллион адамды Қызыл ғаламшарға алып кететінін мәлімдеген миллиардер Илон Маск Марсты он жылда Жершары сияқты ғаламшарға айналдыратынын айтты. Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директорының айтуынша, Марсты адамзат өмір сүре алатындай ғаламшарға өзгертудің екі түрлі жолы бар.

Бір қызығы, Маск Марсты тезірек өзгерту үшін Қызыл ғаламшарға мыңдаған ядролық қаруды жару туралы қайталап айтып жүр. 

Бұл туралы миллиардер алғаш рет 2015 жылы "Стефан Колбертпен кешкі шоу" бағдарламасында болған кезде мәлімдеді.

Кешкі шоуда Маск Қызыл ғаламшарды адамдар өмір сүруге ыңғайлы етіп өзгертуге болатынын атап өтті және оның екі түрлі жолын айтты:

– Бірінші жолы, сіз (Марста) мөлдір күмбездерде өмір сүруіңіз керек, бірақ ақыр соңында сіз Марсты Жерге ұқсас планетаға айналдыра аласыз. Сіз оны (ғаламшарды) жылыта аласыз. Марсты жылы ету тез немесе баяу болуы мүмкін. Баяу жолында біз парниктік газдарды Марс атмоферасына жібереміз, – деп қосты Маск.

"Жылдам жол?" деп сұраған Стефан Колбертке: 

– Термоядролық қаруды Марстың полюстеріне жару, – деп жауп берді. 

Маск бұл ойын бірнеше рет мәлімдеді. 

Ол 2019 жылы 15 тамызда өзінің сүйікті әлеуметтік желісі Twitter-де "Марсты ядролық бомбалау!" деп тағы жариялады. 

Масктың пікірінше, Қызыл ғаламшарды ядролық қарумен бомбалаудың нәтижесінде Марстың полярлық мұз қабаттары еріп, көмірқышқыл газы көп мөлшерде атмосфераға шығарылуы мүмкін. Бұл ғаламшардың температурасы мен ауа қысымын көтеретін парниктік эффект тудыруы ықтимал. Бұл Марстың климатын өзгетудің жылдам нұсқасы. 

Маск 2019 жылы 18 тамызда тағы бір жазба жариялап, Қызыл ғаламшарды адам өмір сүруге қолайлы етудің жаңа теориясын алға тартты. "Марсты жылыту үшін жарық шағылыстыратын мыңдаған жасанды серіктер немесе жасанды Күндер керек болуы мүмкін" деп жазды.

Миллиардер бұл ойын 2020 жылы да жариялады. 

2020 жылы 13 мамырда Роскосмостың атқарушы директоры Александр Блошенко Twitter парақшасында "Бүгінгі күннің тақырыбы: «Илон Маскқа Марсты бомбалау үшін 10 мыңнан астам зымыран қажет –Роскосмос» деп жазба жариялады. Ал, Маск Twitter-де оған жауап беріп, "Проблема жоқ" деп жазды. 

Марста қала салып, "Starship" деп аталатын жұлдызкемемен Жершарыдан бір миллион адамды алып кетпек болған миллиардер Қызыл ғаламшарда ғарыш кемелеріне арналған 1000 ұшыру алаңы болатынын мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, қазірге дейінгі ең ірі ғарыш кемесі есептелетін "Starship" жұлдызкемесі 100 адамды алып ұша алады. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Марс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір