Ақтауда "Жартасты соқпақ" маңында жоғалып кеткен 2002 жылғы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Іnaktau.kz сайты хабарлады.  

23 ақпан күні кешкілік 19 жастағы қыз үйінен шығып, таксиге отырған. Содан бері ол мүлдем байланысқа шықпағаны белгілі болды. Кейіннен анасы 25 ақпанда полиция бөлімшесіне қызы жоғалып кеткенін хабарлаған.

Полицейлер оның денесін 4-ші "А" ықшамауданындағы "Жартасты соқпақ" маңынан тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

"Жағалауда оның жеке заттарынан сырт киімі, жемпірі, бас киімі және ұялы телефоны табылды" делінген әлеуметтік желілерде тараған жазбаларда. 

Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау полицей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір