• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:15:44
Алматы
+35°
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орнындағы штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында жазды.
 
"2019 жылғы қыркүйекте білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 20 пайызға, кейін 2020 жылғы қыркүйек айында тағы 20 пайызға ұлғайтылды. Дегенмен қабылданған шараларға қарамастан жалақы көлемін әлі де арттыру қажет. Бұл ретте, болған жалақының базасының төмен болуына байланысты, тіпті жалақыны 20-40 пайызға ұлғайту шаралары да жеткіліксіз болып отыр.
 
2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орнында штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге; профессор 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс. Бұл жалақының ең төменгі мөлшері болуы тиіс. Сондай-ақ әр жоғары оқу орны оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, төлей алады, – деп жазды министр.
 
Сондай-ақ педагогикалық жүктеменің максималды көлемін 1 ставка үшін 680 сағаттан асырмау керегі туралы шешім қабылданды.
 
– Бұл педагогикалық жүктемесі аталған көрсеткіштен төмен жоғары оқу орындарын (жылына 450 немесе 500 сағат) ештеңеге міндеттемейді. Яғни, сағат санын белгіленген 680-ке дейін жеткізу міндеті тұрған жоқ. Оқытушыға берілген 1 ставка көлемі 700-900 сағат немесе одан жоғары болатын жоғары оқу орындары сағат санын 680-ке дейін төмендетуі керек, – деді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір