Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2077 жағдай тіркелді, 1034 адам жазылып шықты. 12 адам қайтыс болды.

31 наурыздағы мәлімет бойынша 77 адам пневмония жұқтырған, 167 науқас жазылып шықса, 2 адам көз жұмған.

Бүгінде 26 095 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 098 пациент стационарда, 16 997 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында 365 адамның жағдайы ауыр, 90 пациенттің жағдайы өте ауыр, 56 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Дереккөз: ДСМ сайты

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір