• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:11:25
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, Қазақстан президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Мемлекет басшысы Эдинбург герцогі, ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан  ұлы мәртебелі патшайым сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, ұлы мәртебелі патшайым сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды. Ол екінші дүниежүзілік соғыстың құрметті батыры, бүкіл өмірін біріккен корольдік пен оның тәжіне қызмет етуге арнаған, мұқтаж жандарға көмектесіп, Британия ұлтының, достастық пен одан тыс жерлердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан аса көрнекті, ұлы мәртебелі биік тұлға болды. Осындай қиын сәтте біздің дұғамыз сіздің ұлы мәртебеңізге, корольдік отбасыңызға, сондай-ақ, ханзада Филиппті білетін және қызметтес болған адамдарға арналды. Ол біздің жадымызда парасаттылық пен әділдіктің, батылдық пен өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады" делінген жеделхатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір