• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 00:15:13
Алматы
+14°

"СК-Фармация"  компаниясы коронавирусқа қарсы қытайлық Sinopharm вакцинасының 1 миллион дозасын сатып алды. Вакцина "Самұрық-Қазына" қоры құрамына енетін компаниялардың қызметкерлеріне арналған, деп жазады forbes.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратты растап, вакцина бірінші кезекте холдингке тиесілі бірыңғай дистрибьюторларға арналатынын мәлім етті.

Вакцинаның алғашқы 400 мың дозасы 30 сәуірге дейін, қалған 600 мың доза мамырда жеткізіледі деп жоспарланған.

Sinopharm (Hayat-Vax, Vero Cell) флакон немесе шприцке толтырылған вакцина. Оны +2 - +8 градуста сақтауға болады. Екі доза түрінде салынады. Екіншісі біріншісінен кейін араға 14 салып егіледі. Қазақстан сатып алатын вакцина БАӘ-дегі Gulf Pharmaceutical Industries Julphar өндіріс орнында жасалған.

Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталған. 28 сәуірдегі мәлімет бойынша елде 1 016 809 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Бастапқыда азаматтарға ресейлік Спутник-V екпесі ғана егілген. 26 сәуірден халықты қазақстандық "QazVac" вакцинасымен вакцинациялау басталды. Әзірге отандық вакцинаның 50 мың дозасы ғана дайын. Мамыр айында 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның кезекті партиясын шығару жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцинация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір