• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:54:00
Алматы
+35°

Түркияның TAV компаниясы Алматының халықаралық әуежайын сатып алу жұмысын аяқтады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Мәміле бойынша есеп айырысу аяқталғаннан кейін TAV әуежай мен отын жеткізу және тамақтану қызметтерін ұсынатын кәсіпорындардың 85 пайыз акцияларының бенефициар иесі болады. Акциялардың қалған 15 пайызы Vpe Capital басқаратын Kazakhstan Infrastructure Fund қорына тиесілі. Қордың инвесторы – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ" делінген хабарламада.

TAV компаниясы Алматы әуежайын концессияның уақытша шарты негізінде емес, меншік иесі құқығында басқарады.

Бұған дейін Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: TAV компаниясы әуежай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір