• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 19:12:33
Алматы
+32°

Алматы қаласы Алатау ауданында полицей қызметтік көлігімен қағып мерт қылған әйел туралы қосымша дерек шықты. Оқиға кеше таңғы 7-лер шамасында болған. Көлік келіншекті 5 метр жерге дейін ұшырып жіберген.  

Астана арнасының хабарлауынша, әйел 50 жаста болған. Артында екі баласы қалды.

Келіншек көлік жуу орталығында жұмыс істеген. Ол түңгі ауысымда болып, ауысымын тапсырған соң мектеп бітіріп аттестат алып жатқан кенже ұлын құттықтауға бармақшы болған.

– Жүзбен келе жатқан ғой, 5 метрге ұшырып жіберген. Өзіңіз ойлаңыз на смерть кеткен. Бастан дым жоқ. Сотрудниктар в любом случае өздерін қазір сау деп айтып отыр. Жазасын алады, алу керек, – дейді марқұм келіншектің қайын апасы Сүңгілшаш Айтуғанова.

Алматы қаласы Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Жәнібек Өскенбаев оқыс оқиғаға тап болған отбасыға барлық жағынан көмек көрсетілетінін мәлім етті.

Адам қағып өлтірген полицей 5 жылға сотталуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір