• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:54:08
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияның өсуі елдің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отырғанын айтты.

– Басым бағыттар тізімінде инфляция мәселесі тұруға тиіс. Соның ішінде азық-түлік инфляциясы да бар. Қазақстандағы инфляцияның өскенін бәріміз білеміз. Бірақ ондай жағдай көрші елдерде ғана емес, әлемдік экономикада байқалып отыр. Дегенмен Қазақстандағы инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отыр. Бұл – үлкен қауіп-қатер, – деді президент.

Тоқаев ұлттық банк ұлттық қордың жағдайын үнемі бақылауда ұстауы керектігін атап өтті.

– Біз пандемия кезінде ұлттық қордың қаржысын пайдаландық. Бюджет ұстап отырдық. Бірақ стратегиялық жоспардың басты мақсаты – ұлттық қордың резервін арттыру. Энергия ресурстарының бағасы да өсіп келеді, –деді президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір