29 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ақорда сайты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады. Министр Тоқаевқа жаңа оқу жылына дайындық барысы және дәстүрлі оқу форматына оралу үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы есеп берді.
Асхат Аймағамбетов президентке ведомствоны кәсіби кадрлармен, соның ішінде, әлемнің жетекші университеттерінің түлектерімен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен күшейту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Сондай-ақ сапасыз жоғары оқу орындарын жабуға қатысты президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берді.
Мемлекет басшысы министрге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, сапасыз университеттердің лицензиясын қайтарып алу және олардың жұмыс істеуіне мерзім белгілеу рәсімдерін жеңілдету үшін заңнамалық тұрғыдан түзетулер енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Кездесу барысында Тоқаев мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің еңбекақысын биылғы 1 қыркүйектен бастап арттыру маңызды екенін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір