• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:57:55
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 13 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2801 адамнан коронавирус, 24 адамнан пневмония анықталған.

12 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 73, пневмониядан 10 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 845 388-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 72 820.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 126 777адам, 2-компонентін 5 944 855 адам салдырған.

14 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 76 858 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 15 308 пациент стационарда, 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 196 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір