• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:55:35
Алматы

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Егіндібұлақ ауылында қар жауып, бұрқасын болғанын видеоға түсірген Майя Манашеваның үйіне барып, оны кешірім сұрауға мәжбүрлеген әкім Қанат Кәрімовке сөгіс жарияланды. Оның бұл әрекетін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің этика жөніндегі кеңесі қараған. 

Кеңес мүшелері ауылдық округ әкімі этика нормаларын бұзды деген шешімге келген. Ол әрекетінің нәтижесінде халық сынына ұшыраған. Отырыста әкім де сөз сөйлеп, өз әрекетін түсіндірді. Оның айтуынша, ол видеоны аудан әкіміне көрсету үшін түсірген. Әлеуметтік желіге салмаған. 

– Мені оны тек ондай қар жоқ екенін айтуды сұрадым, – деді ол. 

Кеңес мүшелері дауыс беру арқылы шешім шығарып, ауыл әкіміне сөгіс жариялаған.

Бұған дейін жергілікті тұрғын Майя Манашева қар басқан ауласын видеоға түсіргені үшін ауыл әкімшілігінің өкіліне түсінік беруге мәжбүр болған. Ол видеоны туыстарына жіберген. Кейін видео әлеуметтік желіге таралып кеткен. Артынша желіде әйел адам әкімшілік қызметкеріне әрекетін түсіндіріп тұрған видео тарады. Ол жерде тұрғын екі күн қатарынан қар жауып, айналаны басып қалғаны туралы видеоны туыстарына жіберу үшін түсіргенін, бөтен ойы болмағанын айтып ақталады. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылық әкімшілік қызметкерінің әрекетін жаппай сынаған.

Артынша, Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов түсінік білдірді. Ол видеода кадр сыртында тұрған Самат Ыбыраев есімді ауыл әкімі әйел адамға көмек керек емес пе екенін білу үшін келген дейді. Сөзінше, ауыл әкімі әлеуметтік желілердегі шағымдарға байланысты әрекет ету туралы тапсырманы орындау үшін зейнеткерді видеокамераға түсірген.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БАЯНАУЫЛ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір