30 Қараша, 2021 Барлық аймақтар
Мұғалімдер аттестацияда эссе жазуды қолдамайды
Білім және ғылым министрінің 2016 жылы қабылданған №83 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде мұғалімдердің аттестациядан өту процесі өзгеретін болды. Мұғалімдер тест тапсырып қоймай, эссе де жазады.
Көрнекі сурет
Эссе жазу – мұғалімдердің біліктілік санатын көтеретін талаптың бірі болып енгізілмек. Оған берілетін жалпы уақыт – 30 минут. Сөздердің саны 250-300 сөз болуы тиіс. Жазбаша эссе мұғалімнің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.
Бұл өзгерістер әлеуметтік желіде мұғалімдердің қызу талқысына түсті. Аттестациялық тестілеу кезінде эссе жазу туралы жаңалық онсыз да біліктілік тестілеуінен көз аша бермейтін мұғалімдерге үлкен соққы іспеттес. Тест тапсырып болғаннан кейін портфолио жинау да ұстаздар үшін оңай шаруа емес.
Желі қолданушылары барлық мұғалімдерге эссені 100% мемлекеттік тілде жазу талабы қойылсын, сол кезде мұғалім мәртебесімен қатар мемлекеттік тіл мәртебесі де өседі деген пікірлерін жазып жатыр. «Мұғалімдерді аттестаттау неге жиі өзгеріске ұшырайды? Үкіметтің ақша үнемдеудегі жаңа тәсілі ме?», «Жоғарыдағы шенді-шекпендерге де жаздырып, сол жазған эссесіне қарай жалақы төленсін. Мұғалімдер қолжаулық болды ғой. Қосатын 5-10 теңгелерін желкеден шығарып... » деген пікірлер де бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір