23 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 қараша күні Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.
Жиынға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, барлық басқармалардың басшылары қатысты.
Жиын кезінде алдымен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Облыс әкімі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан санитарлық талап шараларының сақталуын жаппай қамтамасыз етуді жалғастырып, халыққа екпе салу қарқынын жандандыруды қажет екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, облыстың биылғы жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы, бюджеттің игерілуі мен Ақтөбе қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының жүзеге асырылуы қаралды.
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мақсатты индикаторларының қорытындысы бойынша жетістіктерге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Оңдасын Оразалин: «Біздің міндетіміз — жыл қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының, Үкіметтің халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындау үшін барлық резервтерді пайдалану»,- деп атап өтті.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір