• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:15:10
Алматы
+35°
Қазақтың бір топ жас ғалымы QazGylym деген атаумен қазақша ғылым жобасын жүзеге асырмақ. Жобаның басы-қасында жүргендер биологияны қазақшалауды, өз білімін бөлісуді мақсат тұтады, өңірлердегі университеттерге көмектесуді қалайды.
 
Жобаның аудиториясы мұғалімдер мен студенттер.
 
"Белгіленген тақырыптар терең болуы керек деп ортақ принсипке елең еттік. Қайсібір пәнге сол салада жұмыс істейтін, оқитын және кем дегенде докторлық істеп жатқан не бітірген бір ғалым қосылды" дейді жоба ұйымдастырушыларының бірі, биолог, жас ғалым Сұлтан Мұсаған.
 
Жобаға шетелде білім алған я алып жатқан төмендегідей ғалымдар тартылмақ:
 
1. Тағам химиясы – Гүлжан Хамитова (Ph.D., Italy, University of Camerino)
2. Ақуыздар биологиясы – Дальмира Мержакупова (Ph.D. candidate, Germany, Institue of Molecular Biology GmbH)
3. Дене Даму биологиясы – Самал Тәжібаева (Ph.D. Candidate, Japan, National Institue of Genetics)
4. Иммунология - Ақмарал Рақымжанова (Ph.D. candidate, Israel, Technion Israel Institute of Technology)
5. Наномедицина және Дәрі тасымалдау - Балнұр Жайсанбаева (Ph.D. candidate, Kazakhstan, Nazarbayev University)
6. Психология - Ерден Нуртаев (Ph.D., Kazakhstan)
7. Биохимия - Сұлтан Мұсахан (Ph.D. candidate, Canada, Brock University)
 
"Осы жеті пән арасында бізде жеті түрлі силлабус шығарылған. Ақуыздар биологиясынан басқасы қазақ тілінде болмақ. Силлабустар ағылшын стандартты кітаптарынан жасалынды. Барлық лексиялар қыркүйектің басына дейін жүктеледі, яғни семестрдің басталуына дейін.
Келесі аптадан бастап біз видео-лексияларды ютуб каналымызға шығарамыз. Тағы да айтар кетер зат, синтетикалық биологиядан NU Kazakhstan IGEM team командасынан күтіп отырмыз.
Осы сәтті ұстана тұрып, қолдау көрсеткен университет жетекшілеріне рахмет айтқымыз келіп еді. Ляззат Сарсенова, Damel Mektepbayeva, Zhanar Temirbekova, және Aizhan Maratkyzy, Сіздердің қолдауыңызбен осы жобаның керек екеніне көз жетті!" деп жазды Сұлтан Мұсаған facebook парақшасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір