Фото: informburo.kz
Қазақстан Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбат барысында қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркем туралы пікір білдірді.
– Қаңтар оқиғасы кезінде мен жұмыста болдым. Ескертусіз оқ атуға байланысты биліктің өкілдері бірнеше рет түсініктемелерді бұған дейін де айтқан болатын. Сондықтан бұл сұраққа қайтып келмейік. Қаза болған бүлдіршін мәселесін айтайық. Бұл – үлкен трагедия. Әр ата-ана үшін баласынан айрылу – ең үлкен қасірет, ең үлкен трагедия екені анық. Тағы да қаза тапқан бүлдіршіннің әке-шешесі мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл трагедия бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл қалай болды, неге болды? Бұл сұрақтарды тергеу органдары толық анықтауы керек. Сондай-ақ халыққа керекті түсініктемелер жасалу тиіс. Кездейсоқ болған жағдай, арнайы атпаған шығар деп сенеміз. Бірақ біз олай айта алмаймыз, тергеу жүруі керек. Тергеудің нәтижесінде ата-анасымен қатар халыққа да мәліметтер берілуі керек. Сондықтан тергеудің аяқталғанын күтейік. Сол кезде ғана осы мәселеге қатысты пікір білдіруге болады. Қазір тек бұл оқиға отбасы үшін ғана емес, бәріміз үшін ауыр тигенін айта аламын, – деді Мәулен Әшімбаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір