• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:08:19
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты "Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік процестер: сын-қатерлер мен шешімдер" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Отандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері-практиктердің бұл форумы "Мониторинг Қазақстан Республикасындағы этноәлеуметтік үдерістердің динамикасын зерттеу және болжау әдісі ретінде" жобасы аясында ұйымдастырылды және жалпыұлттық сәйкестікті конструкциялаудағы этноәлеуметтік үдерістердің рөлін талдауға, мемлекеттік этносаясаттың алдында тұрған сын-тегеуріндерді зерттеуге және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығайту бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеуге арналған.

Конференцияның мақсаты – этносаяси менеджментті оңтайландыру арқылы Қазақстан Республикасындағы этносаралық шиеленістің деңгейін төмендетуге жәрдемдесу; этносаясаттың тұжырымдамалық-проблемалық өрісін, қазақстандықтардың жаппай сана-сезімін, білім беру институттарының, БАҚ-тың, Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА), этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ), басқару/өзін-өзі басқару органдарының, факторлардың қызметін талдау негізінде этноәлеуметтік процестер серпінінің болжамын әзірлеу этностардың қазақстандық қоғамға кірігуі.

Конференцияға белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар, саясаттану, әлеуметтану, тарих және тарихнама, этномәдени саясат және этносаралық қатынастар саласындағы мамандар, қоғам қайраткерлері, журналистер, қалалық және республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА республикалық ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері қатысты.

Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір