• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:14:41
Алматы
+35°

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс орталығының басшысы қызметіне ұсынылған Руслан Анбаевтың кандидатурасы қаралып, дауыс беру нәтижесінде Руслан Аңбаев Петропавлдың әкімі болып тағайындалды.

Руслан Анбаев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетті "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген. Бұдан бөлек, агроном мен заңгер мамандықтары бойынша дипломы бар.
 
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетінде аудит бөлімінің инспекторы болып бастаған.
 
2002-2015 жылдары осы өңірде салық органдарында сан алуан қызметтер атқарды.
 
2015-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. Одан кейін бір жылдай Мамлют ауданын басқарды. Осы уақытқа дейін Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.
 
Қаланың бұрынғы әкімі Болат Жұмабеков маусым айында өз еркімен отставкаға кеткен. Ол Петропавл қаласын екі рет басқарды. 2012 жылы ақпан айынан бастап 2013 жылдың мамыр айына дейін, одан кейін 2019 жылғы көктемде тағы қала әкімі қызметіне тағайындалған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір