• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 08:24:15
Алматы
+12°

Елде өндірілген қанттың 90 пайызын ірі көтерме жеткізуші сатып алып, тауарды айналымға шығармай қолдан тапшылық жасаған. Бұл туралы  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.

Оның айтуынша, елде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндіріледі.

– Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін, шамамен 90 пайызын ірі көтерме жеткізуші сатып алып отырған. Оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген, ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады. Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қор болғаны анықталды, – деді Серік Жұманғарин экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында.

Алайда агенттік басшысы қолдан тапшылық жасаған ірі көтерме жеткізушінің аты атамады. Тек премьер-министр Әлихан Самайлов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қант тапшылығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір