• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 16:22:59
Алматы
+12°

Қаржы мониторингі агенттігі қатарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа жақын адам бар делінген қылмыстық топты тергеу барысы туралы жариялады.

Агенттік бірнеше компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайтынын анықтаған.

"14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары, күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі (102 пәтер, 6 жер үй, 28 тұрғынүйге жатпайтын ғимараттар, 11 жер телімі, сауда нысандары, екі гараж, төрт автотұрақ) 19 премиум кластағы көлік тәркіленді" делінген ақпаратта.

Тәркіленген көліктер арасында 2018-2022 жылдар аралығында шыққан Rolls Royce,  Mercedes-Benz, BMW, Tesla, Toyota Land Cruiser, Land Rover, Lexus, Subaru, Hyundai. секілді көліктер бар.

Агенттік мәліметінше, топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатыр. Агенттік сондай-ақ Болат Назарбаевтың оң қолы делінген  Елдос Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА-ға немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір