• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:13:26
Алматы
+7°

Бүгін Қаңтар оқиғасында қаза болған 4 жасар Айкөркемнің ісіне байланысты баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы, оның адвокаты Рафик Бейсебеков және белгілі журналист Бакытжан Косбармаков сөз сөйледі.

Адвокаттың айтуынша, әскери тергеу комитеті қылмыстық істі біржақты қарап, сотқа өткізбекші.

"Іс Қылмыстық Кодекстің жасөспірім баланы өлтіру емес әскери қызмет бабын асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған. Айкөркемге 5 адам оқ жаудырса да, тергеу взвод командирін ғана кінәлі деп танып отыр. Ал басқалары тек куәгер ретінде тергелгендіктен, жазадан құтылып кетпек", деді Рафик Бейсебеков. 

gb

Айкөркемге 5 сарбаз оқ атқан. Алайда сарбаздардың бірі жұмыстан шығып кеткен. Ал қалғаны күдікті ретінде емес куәгер ретінде тіркеліпті. 

"Жұмыстан шығып кеткен сарбаздың қайда жүргені белгісіз. Халық төлеген салықтың арқасында айлық алып отырған әскери прокуратура қарапайым халыққа оқ жаудырғаны аздай, қылмыстық істі әділетсіз жүргізіп отыр. Олардың әрекеті – заңға қайшы", дейді Рафик Бейсебеков.

Ал Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның мәлімдеуінше, әділдік талап еткені үшін оған белгісіз біреулер қысым көрсеткен.

"Мені балаларыммен қорқытып отыр. Қалған балаларыңнан да айырылып қалғың келе ме деп қоқан-лоқы жасады. Қазір балаларымның психологиясы бұзылған. Біздің елде шындық, әділдік жоқ. Халықаралық тергеу жүргізілгенін қалаймын. Осыдан кейін Жаңа Қазақстан құрылмағанына көзім жетті", дейді Айдос Меделхан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір