• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 04:08:46
Алматы
+8°

Алматыда қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тарифтері бекітілді. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.

Оңай картасымен немесе QR коды арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңге болады. Жол ақысы 20 теңгеге көтеріледі. Қолма-қол төлеген кезде жол жүру ақысы үштен бірге – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі.

"Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені нақты тариф бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын субсидия түрінде тасымалдаушылардың шығындарын өтеп отыр. Осы кезеңге 2020-2022 жылдары төленген субсидия көлемі 115,8 миллиард теңге болды", - деді Асқар Әмрин.

Мегаполистің көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеме орасан зор, бұл ретте жолдардың жай-күйі, көлік паркін жаңарту, қала басшылығының жіті назарында.

"Қолма-қол ақшасыз төлемге 100 теңге және қолма-қол төлемге 200 теңге көлемінде жаңа тарифтерді қолдану биылғы жылы субсидия көлемін шамамен 10 миллиард теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді. Оларды басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлуге мүмкіндік туады", - деді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол ақысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір