- Біздің мамыр айында болған Бішкектегі соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ. Алайда осы кезеңде ТМД-да, жалпы әлемде болған оқиғалар біздің елдегі оперативті жағдайға айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Халықаралық терроризмге қарсы белсенді әрекет етумен байланысты міндеттер бірінші орында қалып отыр, - деді Ермек Сағымбаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысында.
Сондай-ақ, ол ұйым елдері синтетикалық есірткі саудасына көбірек мән беру керектігін атап өтті.
- Трансшекаралық қылмыстардың, заңсыз көші-қон мен қару-жарақ контрабандасының қатері артып тұр. Есірткі трафигіне, әсіресе «синтетика» делініп жүрген есірткі түрінің таралуы біздің мұқият назар аударуымызды қажет етеді, - деді ҰҚК басшысы.
Пікір қалдыру