Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша қорытынды есеп 3 жылда шығады

/uploads/thumbnail/20250105150011125_big.webp

Ақтаудағы AZAL ұшағының апатын тергеу бойынша қорытынды есеп үш жылдан кешіктірмей бекітіледі.

25 желтоқсанда болған авиациялық оқиғаны тергеу инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Бұйрықтың 32-тармағына сай, адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп бекітілген күнге дейін, сондай-ақ егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, ереже 36 айдан аспайды”, – деп хабарлады министрлік.

Тергеу комиссиясының мүшесі, көлік вице-министрі Талғат Ластаев 30 желтоқсанда тергеудің алдын ала немесе аралық қорытындысы 30 күнде дайын болатынын хабарлады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар