Мысыр, Хорватия және Португалиядағы Қазақстанның елшілері тағайындалды

/uploads/thumbnail/20250105132314013_big.webp

Тағайындалған елшілер арасында 3 мемлекеттегі қызметті қоса атқаратындары да бар.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындалды:

Асқар Жеңіс Қазақстанның Мысырдағы елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Қайрат Лама Шариф лауазымынан босатылды.

Дәулет Батырашев Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Ақылбек Камалдинов атқарып келді.

Сондай-ақ Дәулет Батырашев Португалиядағы Төтенше және Өкілетті Елші лауазымынан босатылды. Оның орнына Жан Ғалиев тағайындалды.

Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбай Ирак Республикасы және Палестина Мемлекетіндегі елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар