• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:15:08
Алматы
+7°

08 Ақпан, 2024 Оқиғалар

Еліміздің екі өңірінде қалталылардың үрейін алған рэкеттер ұсталды

Бірі - Алматы қаласында, екіншісі - Степногорск қаласында. Ұсталғандардан суық қарулар тәркіленді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

2024 жылы 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді.

Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық «қамқорлығын» көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларда өз ықпалын жүргізген.

«Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сол күні полиция күшімен Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау операциясы жүргізілді. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитеттің қатарынан тұратын топтың жолы кесілді.

«Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген фактілер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды», – деді Қуандық Алпыс.

ҚР ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір