01 Наурыз, 2024 Батыс Қазақстан облысы
Мүлік таласы: БҚО-да бір әйел күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған
Ажыраспақ ойы бар әйел мүлкін бөліскісі келмеген. Сондықтан ерінен құтылудың жолын іздестірген оның таңдауы жалдамалы киллерге түскен. Бұл арада адам құны 1,3 млн теңгеге бағаланған.
polisia.kz
Еліміздің батыс өңірінде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының алдын алды, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды.
"Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген. Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр", дейді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір