• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:29:34
Алматы
+12°

12 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Фото: ©pixabay.com

    Елімізде енді бағдаршамның сары белгісі жанып тұрған кезде жолда жүруге тыйым салынады. Яғни, Сергек камералары бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап, жүргізушілерге айыппұл салады. Өйткені жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады. 

- Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады, – дейді Астана полиция департаменті. 

    Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте әзірге мұндай тәртіп жоқ. Бірақ полицейлер сәуір-мамыр айларында шымкенттік жүргізушілерге де осы үшін айыппұл салынатынын айтты.

    Ал айыппұл мөлшеріне келсек, бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады. Ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір