• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:31:19
Алматы
+12°

02 Мамыр, 2024 NEWS

Алматыда 14 мыңнан астам адамда жеке куәлік жоқ

Алматы қаласының полициясы 14 мыңнан астам алматылықтың алғашқы жеке куәліктерін алмағандығын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі nformburo.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Алматы көші-қон қызметі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарда он алты жастан бастап берілетін ҚР азаматының жеке куәлігі болуы керектігін айтты. Алматыда 16 жастан асқан 14 мыңнан астам адамның жеке куәлігі жоқ.
16 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

16 жастағы адамның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;
құжатталатын адамның өзінің болуы;
ата-аналардың біреуінің немесе заңды өкілдің міндетті түрде қатысуы қажет.

Құжаттарды өңдеу уақыты демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 15 жұмыс күнін алады. Сондай-ақ, құжатты жеделдетілген түрде дайындау қызметі бар:

1-санат бойынша құжат дайындау 1 жұмыс күнін алады (тіркеу күні қосылмайды) құны 3011 теңге 12 тиын.
2-санат бойынша құжат дайындау 3 жұмыс күнін алады (тіркеу күні қосылмайды) құны 1581 теңге 14 тиын.

Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатсыз бір айдан астам уақыт тұру Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 493-бабының ережелеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір