• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 12:48:33
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Педофилдер мен террористер Қазақстанға кіре алмайды

Балаларды зорлаған және экстремистік әрекеттер жасаған шетелдіктер енді Қазақстанға кіре алмайды.

Көрнекі сурет

Сенатор Советбек Медебаев заңда қандастарды тіркеу мәселесін жетілдіру жағы қарастырылғанын айтады.

- Қандас мәртебесін және Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға үміткерлердің жеке басын куәландыратын немесе ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайларда, оны айқындау рәсімін жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылады. Атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұлты қазақ екенін айқындау ережесін әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттігі бекітіледі, - деді сенатор.

Ал заңның негізгі қамтитын мәселелеріне:

  • Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық көрсеткен қылмыстар үшін сотталған шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу;
  • Экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу;
  • Көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады. Мәселен, аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын заңды, жеке тұлғаларды тексеру тәртібі заңнамалық деңгейде бекітіледі;
  • Егер жеке басын куәландыратын құжаттарды және қолдану мерзімі өткен басқа құжаттарды ұзарту немесе ауыстыру мүмкіндігі болмаса, оларды төтенше жағдайларда пайдалану мәселесін реттеу. Мұндай құжаттар қолдану мерзіміне қарамастан жарамды деп танылатын болады;
  • Қос азаматтықты болғызбау мақсатында Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың жаңа негізі енгізіледі.

Айта кетсек, қолданыстағы заңнамада шет мемлекеттің азаматтығын алғаны үшін ғана Қазақстан азаматтығынан айыру көзделген.

-Қос азаматтықты болғызбау мақсатында Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың жаңа негізі енгізіледі, - деді Советбек Медебаев.

Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір