• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:44:16
Алматы
+12°

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат салдарынан жараланған сегіз адамның біреуі қайтыс болды.

Қаза тапқан 31 жастағы Мұзафар Исмайлов зауытта пеш бастығы болып жұмыс істеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, марқұмның денесінің 85%-ы күйіп қалған. 

Қалған жеті жұмысшы қазір ауруханада емделіп жатыр, олардың бесеуі жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлердің жансақтау бөліміндегі бес адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты. Олардың денесін қатты күйіп қалған. Ал екі адам қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, 20 шілде күні таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы №1 пештен жалын шығып,  кәсіпорынның 8 қызметкері күйіп қалған. Әлеуметтік желіде күйік шалған жұмысшылардың видеосы тараған болатын. Кейін компания зардап шеккендерге Ресейден арнайы дәрігерлер шақырғанын, олардың несиелерін төлейтінін мәлімдеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір