14 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Украина әскерінің шабуылына қатысты мәлімдеме жасады. Ол Қазақстан соғысты бейбіт жолмен тоқтауы керек деген ұстанымда екенін айтты.
"Шынында да, бүгінде бүкіл әлем Ресей Федерациясының Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайға алаңдаушылықпен қарап отыр.Біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен пайдаланып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек бейбіт жолмен шешуді қолдаймыз" — деді Смадияров.
Айте кетейік, бұған дейін Зеленский Украина Ресейдің 74 елді мекенін басып алғанын мәлімдеген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір